Қисынды-қисынды емес

2020 ж. 10 маусым

Біздің өміріміз парадокстерге толы. Мысалы, біз қисынды ойлауды жақсы көреміз. Бұл - барлығы бақылауымыздың астында деп ойлауымыз үшін маңызды. Мысалы, ырымшылдық, бал ашу. Бұл өткен жағдайды түсіндіру тәсілі болып табылады, өйткені түсініксіз әлемде өмір сүру өте қорқынышты. Бірақ ойдың қисындылығына қарамастан, біз жиі қисынды емес әрекет етеміз.

Осындай әрекеттердің бірі болашақ мамандық пен оқу орнын таңдау болып табылады. Көптеген адамдар, әсіресе IT-мамандары, басқа бағыттарда оқыған колледжден немесе университеттен кеткені жөнінде айтуды жақсы көреді. Олардың кейбіреулері Билл Гейтс, Стив Джоббс және тағы да басқа атақты тұлғалар дәл солай жасады деп, өздерін ақтайды. Бірақ, оқуды миллиондаған адам тастап кеткенімен, олардың арасында табысқа жеткендері санаулы екенін түсіне білу керек.

Барлық жағдайларды білетін және оларды ескеретін адамдар аз. Мысалы, Гейтстің өте керемет ата-анасы болды, ал Джоббс  Возняктің көмегінсіз жетістікке жетпес еді. Гейтс пен Джоббс сүйікті ісімен айналысу үшін оқуды тастап кетті. Мүмкін, олар оқу бағдарламасын дұрыс таңдаған немесе ата-анасының қысымымен түскен шығар.

Бірақ Возняк өмір бойы сүйікті іспен айналысты. 4-ші сыныпта ол радиоәуесқойдың лицензиясын алды, ал 8-ші сыныпта калькуляторды жинап, қалалық конкурсты жеңіп алды. Шынымды айтсам, ол да оқуды аяқтамады, бірақ оның себебі - ақшаның жетіспеушілігі.

Үшеуі де – атақты тұлға екендігімен келісесіздер деп ойлаймын. Сонымен қатар, олардың жолы болды. Бір мезгілде атақты және жолы болғыш болу – өте қиын. Ал бізге - қарапайым адамдарға - қалай әрекет ету керек?

Бұның жауабы өте қарапайым - өзінің күшті жақтарын ескере отырып, болашақ мамандықты таңдау, таңдаған мамандық туралы алдын ала ақпаратты зерделеу және оқу орны туралы көбірек білген жөн.

768

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

2020 ж. 10 маусым
Гуманитарий әлде технарь?

Мектеп түлегі жасайтын тағдырлы таңдау – ол кәсіби дамитын бағытты таңдау. Кәсіби салада 2 бағыт бар – гуманитарлық және техникалық. Басқаша айтқанда, сіздің балаңыз гуманитарий немесе технарь екенін анықтау керек.

Толығырақ
2020 ж. 10 маусым
Ата-аналардың мамандық таңдауға әсері

Мамандық таңдау - жоғары сынып оқушыларының ғана емес, оның ата-аналарының да мәселесі.

Толығырақ
2020 ж. 10 маусым
Мамандықты таңдау: танымалдылық әлде таптырмастылық

Адам уақыт пен күшінің көп бөлігін кәсіби қызметіне арнайды.

Толығырақ
2020 ж. 10 маусым
Колледждегі оқытудың артықшылықтары

Оқу жылының соңында 9-сынып түлектері мен олардың ата-аналары алдында қиын міндет тұр - 10 сыныпқа өту немесе колледжге түсу керектігін шешу.

Толығырақ