Өзін-өзі тану - тұлғаның өзінің психикалық және физикалық ерекшеліктерін зерттеуі, өзін-өзі түсінуі. Өзін-өзі тану сәби кезінен басталып, өмір бойы жалғасады. Өзін терең білу біртіндеп сыртқы әлем мен өзін-өзі танудан қалыптасады.
Өзін-өзі тану мамандығы - Бастауыш және негізгі орта білім берудің өзін-өзі тану мұғалімін дайындайды. Бұл мамандар балаларға, жасөспірімдерге психологиялық тесттер мен әдістер арқылы өздерін, өз ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі. Өзін-өзі тануды зерттеу жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесінің негізі болып табылады. Сондықтан бұл мамандық жалпы орта, кәсіби және жоғары білім берудің бір бөлігі ретінде еңбек нарығында сұранысқа ие.