Бастауыш және негізгі орта білім берудің өзін-өзі тану мұғалімі

4S01140401
8190 қаралым

Сипаттама

Өзін-өзі тану мұғалімі - оқушыларға «Өзін-өзі тану» пәнін оқытатын маман, балалар арасында тестілеу мен тренингтер өткізеді, тұлғаның жеке психикалық және физикалық ерекшеліктерін зерттеп, өзін-өзі жете түсінуі арқылы өзін-өзі тануына көмектеседі. Өзән-өзі тану сәби кезінен басталып, өмір бойы жалғасады. Өзі туралы білім біртіндеп сыртқы әлемдә және өзін-өзі тануынан қалыптасады.

Оқытудың сан түрлі формасын, әдістерін, тәсілдері мен құралдарын сауатты пайдаланады, инновациялық технологияларды қолдана біледі. Жоспарлауда ғылыми-әдістемелік тәсілдемені жүзеге асырады, дамытпалы оқытуға бағытталған сабақтардың бағдарламалық материалын жетілдіріп, түзете алады. Авторлық және альтернативті бағдарламаларды өздігінен әзірлей алады, аймақтық компонентті ескере отырып, әдістемелік құралдарды бейімдей алады. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.

Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, білім беру ұйымдарында балаларға арналған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді атсалысады, әрдайым өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырып отырады. Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара қарым-қатынаста болады. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жауапты болады.

Жас өзін-өзі тану мұғалімінің орташа жалақысы 80 мың теңге аралығында, сондай-ақ еңбек өтіліне, жұмыс орны мен аймағына да байланысты.

Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студент педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы, мектеп гигиенасы, оқыту әдістемесі, бағдарламалар мен оқулықтар, білім беруді дамытудың негізгі бағыттары мен перспективаларын білуі тиіс.

Біліктілік деңгейін арттыру үшін минималды тәжірибе – 3-5 жыл.

Мамандық мынадай қасиеттердің болуын болжайды: ұқыптылық, шығармашылық көзқарас, ұйымдастырушылық және коммуникативті қабілет, балаларға деген сүйіспеншілік, өзін-өзі ұйымдастыру, сондай-ақ шешендік қабілет, сөйлеу тілі лексикасының байлығы, өзіндік ерекшелік.

Жас маман әлеуметтік, жас ерекшелігі, психофизикалық және өзіндік қасиеттерін, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстарын жүзеге асыру қабілетінде тәжірибесінің болмауы сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін.

Қалай түсуге болады

Қабылдау емтиханы:
Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайы шешу

~
Орындар саны
0
Қазіргі үміткерлер саны
~
Сенің оқуға түсу мүмкіндігің
Белгісіз

Бейіндік пәндер

Қайда оқуға болады

Оқу орындары табылған жоқ

Қайда жұмыс істеуге болады

мектептер, гимназиялар, жеке репетиторлық орталықтар