0104000 - Кәсіптік оқыту мамандығы бойынша түлекке өндірістік оқыту шеберінің біліктілігі беріледі:
0104000 - Кәсіптік оқыту мамандығының түлектері кәсіби оқыту педагогы қызметінде орта және кәсіби мектептерде, меншік формасы мен ведомствалық керек – жараққа қарамай жұмыс кәсібінің кешені бойынша арнаулы технологиялардың жалпытехникалық пәндері оқытушысы лауазымында қызмет жасай алады.
0104000 - Кәсіптік оқыту мамандығының біліктілік сипаттамасы
Кәсіптік қызметі аясы.
0104000 - Кәсіптік оқыту мамандығының кәсіби қызметі аясы:
-техникалық, технологиялық, өндірістік және бастауыш, орта және қосымша кәсіби білім беру ұйымдарының кәсіби қызметіндегі экономикалық сала болып табылады.
Кәсіптік қызмет нысаны
Түлектердің кәсіптік қызмет нысаны болып:
- білім беру үрдісіне қатысты төмендегі ұйымдарға тұтас педагогикалық үрдістің жүзеге асырылу құралы мен бөлімшелері;
- жалпы білім беретін мектеп, лицей, колледждер;
- оқу- өндірістік комбинаттар, оқу – курстық жүйелер, жұмыспен қамту орталығы мамандары мен біліктілігін көтеру мен қайта даярлау, дайындау орталықтары.
Кәсіби қызмет пәні
Маманның жұмыс орнындағы күш-жігері төмендегіге бағытталады:
- сала бойынша білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру мен өткізу
- оқу тәрбие үрдісі мен өндірістік үрдістің, өндірістік т.б. мекемелерде ұйымдастырылуы.
- білім алушылардың қатысуымен ғылыми- зерттеу ісінің ұйымдастырылуы.
Кәсіби қызмет түрлері
0104000 - Кәсіптік оқыту мамандығы түлектері төмендегі кәсіби қызметтерді орындай алады:
- білім берушілік (оқу-тәрбие, педагогикалық)
- ұйымдастыру-технологиялық
- өндірістік-басқару;
- жобалау;
- ғылыми-зерттеу;
- шығармашылық;
- кәсіпкерлік;
- дизайнерлік;
Кәсіби қызметінің бағыттары
Кәсіптік оқыту педагогының қызмет бағыты еңбек және кәсіби қызмет саласы бойынша болашақ мамандардың теориялық және тәжірибелік дайындығы болып табылады. Кәсіптік оқыту педагогы педагогикалық қызметте де, сондай-ақ, оқу орнындарында кәсіби кадрлар дайындау бойынша халық шаруашылығы саласында да құзіретті бола алады.
0104000 - Кәсіптік оқыту мамандығы бойынша түйінді құзіреттілікке жататын талаптар мына ұғымға ие:
-ұрпақтан-ұрпаққа мәдениеттің берілуін қамтамасыз ететін әлеуметтік мәдени тәжірибе аясындағы арнайы білім туралы;
- ҚР-ның 2010 жылдарға дейінгі Стратегиялық даму жоспары негізіндегі адами ресурстарды даярлау, қоғам және тұлға қажеттілігін қанағаттандыру, көпдеңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін модернизациялау туралы тұтас ұсыныстарына ие.
Біледі:
- психология-педагогикалық, әлеуметтік-гуманитарлық, ғылыми-заманауи өндіріс негіздерін, құрастыру материалдарын, құралдарын, еңбек құралдары және өндіріс үрдісінің ғылыми негіздерін;
- кәсіпкерлік және экономика негіздерін, маркетинг, білім беру мекемелері менеджментін, қызмет аясы мен өндірістік мекемелердің экономикалық негіздерін;
- оқу шеберханаларын жабдықтау талаптарын;
- өндіріс экономикасы мен ұйымдастырылуының негізгі сұрақтарын, құрастырмалы және технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесін;
- заманауи өндірістегі еңбек сипаты мен мазмұны талаптары,ауыл шаруашылығы мен машина жасау өндірісінің негізгі кәсіптерін, энергетика және басқа да халық шаруашылығының салалары негіздерін.
Меңгереді:
-қоғамдық, педагогикалық, кәсіби қызметтерде заманауи түрлі ғылымдарды қолдануды және әлеуметтік маңызды мәселелерді талдауды;
-өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыруды;
-оқытушылық және оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуді;
-оқу шеберханаларын құрып, жабдықтауды;
Дағдыланады:
-оқу үрдісінде оргтехника мен компьютерлік техниканы қолдануға;
-оқу-тәрбие үрдісінде заманауи педтехнологияларды қолдануға;
-3 санатты жұмыс біліктілігі деңгейінде заманауи технологиялық құралдардың іске асырылуын;
Құзіретті:
-кәсіби педагогика аясында, мамандығы бойынша өндірістік салада
-білім беру үрдірісін басқару саласында;
- өндіріс және білім беру саласының ақпараттық технологияларды қолдану аясында.
Оқуға түсу үшін тапсырылатын құжаттар:
Оқуға түсу үшін өтініш, жеке куәлік көшірмесі, білім туралы құжаттың түпнұсқасы, 086 –У формалы медициналық анықтама флюротүсірілім қосымшасымен, 3Х4 өлшемді 4 фото.
Аталған мамандыққа түсу үшін емтихандар:
9 сынып базасында – ана тілі, профильді пән – математика
11 сынып базасында – ана тілі, Қазақстан тарихы, профильді пән – математика