«Токарлық іс» мамандығы - түрлі операцияларды: металдарды, бейметалдар мен қорытпаларды кесуді, күрделілігі әртүрлі бұрандаларды кесуді, түрлі профильдерді қайрап жұмырлау және жонып өңдеу, конустарды, ойықтарды, сфераларды қайрау және тағы басқаларды қолдана отырып, токарлық жабдықта кесуді өңдеумен байланысты кәсіптің түрі.
Токарлық станоктар тобына жеке және әмбебап операцияларды орындайтын станоктар кіреді (әр түрлі токарлық, фрезерлік, бұрғылау және басқа да операциялар).
Осыған сәйкес токарлық мамандықтар мынадай топтарға бөлінеді:
- Токарь;
- Фрезерлеуші;
- Ажарлаушы;
- Техник-технолог.
Осы мамандықты таңдаған мамандар ешқашан жұмыссыз қалмайды, олар қашанда металл өңдеумен айналысатын кәсіпорынға жұмысқа орналаса алады. Көптеген кәсіпорындар мамандарға мансаптық өсудің жақсы перспективаларын ұсынады.
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек