Олардың міндеттеріне мыналар кіреді:
− жануарларды бағу, олардың аурулары мен жарақаттарын емдеу мәселелері бойынша консультация беру;
− диагноз қою немесе едәуір күрделі жағдайларда ветеринариялық дәрігерге жіберу мақсатында тексерулер жүргізу;
− ауру немесе жаралы жануарларды, әсіресе, кең тараған аурулар мен бұзылулар кезінде емдеу;
− үстелдер мен құрал-саймандарды тазалау мен стерилдеу, жануарларды тексеру және емдеу үшін материалдарды дайындау;
− жануарларды қолдан ұрықтандырумен байланысты техникалық міндеттерді жүзеге асыру;
− тексеру немесе емдеуге жататын жануарларды аулау, оларды емдеу кезінде ұстап тұру;
− емдеу кезінде анестетиктерді және оттегіні енгізу кезінде ветеринарларға көмек көрсету;
− операциядан кейін қалпына келтіру үшін жануарларды торларға орналастыруды, олардың жай-күйін бақылау;
− рентгенографияны, үлгілер жинауды жүргізу, сондай-ақ жануарлар денсаулығының проблемаларын диагностикалау мен анықтауды жеңілдету үшін басқа да зертханалық анализдерді орындау;
− жануарларда тұрақты стоматологиялық процедураларды орындау және жануарларды емдеуші ветеринарлар мен стоматологтарға көмек көрсету.