Бейімдік дене шынықтыру мұғалімі – бұл мүмкіндігі шектеулі адамдарға, сондай-ақ денсаулығында айтарлықтай ауытқулар бар, мысалы, жүрек ауруы, көру қабілеті нашар, есту қабілеті төмен адамдар үшін, сайып келгенде физикалық тұрғыда дамымаған адамдар үшін сабақ жүргізетін мұғалім. Бұл маманның жалпы медицинада негізгі білімі және емдік дене шынықтыруда терең білімі бар.
Орташа жалақысы 150 мың теңгеден басталады.
Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу үшін және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студенттің дене шынықтыру, биология, физика, психология саласында білімі болуы қажет. Спорт әлемінде не болып жатқанынан да хабардар болуы тиіс.
Жоғары деңгейдегі маман болу үшін минималды тәжірибе - 4-5 жыл.
Бейімдік дене шынықтыру маманы өз жұмысында дәрігерлердің, психологтардың, логопедтердің, дефектологтардың және басқа да мамандардың қорытындыларына сүйенеді, мақұлданған әдістемелерді қолданады, сонымен қатар әр спортпен айналысушыға жеке әдіс-тәсілдерді қолданады. БДШ педагогі - қамқорлығындағы балалардың дене тәрбиесі үшін жауапты тәлімгер ғана емес, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарды ынталандыратын, оларға командада жұмыс істеуді үйренуге көмектесетін, социумдағы үйлесімді өмірге баулитын, белсенділікке деген сүйіспеншілікті бойларына дарытатын адам.
БДШ оқытушысы болғысы келетін жастар көптеген салада құзыретті болулары керек: терапиялық массаж әдістерінен бастап, еңбекке қабілеттілік медициналық сараптамасын жүргізе білуі тиіс. БДШ мұғалімдері дене шынықтыру сабақтарын өткізу барысында психологиялық кеңес беру, мүгедектік психология мен қауіпсіздік техникасының нюанстарын біледі.
Бейімдік дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушылар түзету және оңалту орталықтарында, балабақшаларда және даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектептерде, психоневрологиялық диспансерлерде, дене шынықтыру-сауықтыру және емдеу-профилактикалық мекемелерде сұранысқа ие.