Олардың міндеттеріне мыналар кіреді:
− өнімнің, жем-шөптің, топырақ пен судың сапасымен және ауыл шаруашылығы, орман және балық өнімдерін өндіруге әсер ететін басқа да факторлармен байланысты деректер мен үлгілерді іріктеу және талдау;
− өсімдік, мал және балық шаруашылығы, орман шаруашылығы өнімдерінің, сондай-ақ баламалы өнімдердің өнімділігін арттыру тәсілдері бойынша консультация беру;
− жануарлар мен өсімдіктер аурулары, зиянкестер мен арамшөптермен күрес, топырақ мелиорациясы, мал шаруашылығы және қоректендіру бағдарламалары бойынша мәселелері жөнінде консультация беру;
− тауарлық өнімдердің өндірісіне, жайылым өнімдерін өсіруге, мал өсіруге, балық қорларына, сондай-ақ ағаш тұқымдыларының өсуі мен денсаулығына әсер ететін қоршаған орта факторларын зерттеу;
− топырақты қопсыту, жәндіктер, аурулар әдістері мен балық өсіру әдістерінің төлдетуге, өнімділікке, орман және балық шаруашылығы өнімдеріне әсерін зерттеу;
− балықтардың көші-қонын, өсуін, қоректенуін және уылдырық шашуын зерттеу, сондай-ақ уылдырықты жинау, ұрықтандыру, инкубациялау және шабақтарды өсіру әдістерін әзірлеу;
− топырақ құнарлығының ерекшеліктерін, пайдалану мүмкіндіктерін зерттеу, зерттеу нәтижелерін егін, бау-бақша және орман өсірудің жетілдірілген әдістерін әзірлеу үшін пайдалану;
− ауыл шарушашылығы проблемаларын шешу және өндіріс тиімділігін арттыру үшін рәсімдер мен әдіснамалар әзірлеу;
− ұзақ мерзімді коммерциялық, рекреациялық және экологиялық артықшылықтарын барынша арттыру мақсатында орман және балық қорларын басқару;
− ағаш тұқымдыларды тарату және қайта қалпына келтіруді, мал басын өсіруді жақсарту әдістерін және сүректердің өсуіне санитариялық-сауықтыру шараларының әсерін зерттеу;
− өртпен, оның салдарларымен, су тасқынымен, құрғақшылықпен, топырақ эрозиясымен, зиянкестермен және аурулармен күрес үшін басқару тәсілдерін зерттеу, жоспарлау іске жүзеге асыру;
− ғылыми зерттеулер жүргізу және ғылыми есептер дайындау және ауыл, орман және балық қоғамдастықтары және басқа да топтар үшін таныстыру әңгімелері мен лекциялар өткізу.