Өндірістік оқыту шебері, техник (барлық атаулар)

4S01140801
33657 қаралым

Сипаттама

Өндірістік оқыту шебері – ол колледжде өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізетін, кәсіпорындарда кәсіптік практиканы және білім алушылардың тәрбие жұмысын ұйымдастыратын және олардың топта орындалуын қамтамасыз ететін адам. Жабдықтарды және сабақты түсіндіруге қажетті құралдарды дайындайды, колледждің материалдық базасын жетілдіреді. Еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, білім алушылардың еңбектегі озық әдістерді, заманауи техника мен өндіріс технологиясын меңгеруін, жабдықтардың қызмет көрсетуі мен пайдаланылуын, материалдық және энергетикалық ресурстардыұқыпты ұсталуын қамтамасыз етеді. Оқу (өндірістік) практикасын өткізу бойынша әлеуметтік әріптестермен жұмыс барысына қатысады. Білім алушыларды біліктілік жұмыстарын орындауға және біліктілік емтихандарын тапсыруға дайындайды.

Тәжірибесі аз өндірістік оқыту шеберінің орташа жалақысы 70-80 мың теңге аралығын құрайды. Жұмыс өтілі мен санаты өскен кезде жалақы көлемі 200 мың теңгеге жетуі мүмкін.

Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студенттің пәндік сала мен педагогикада білімі болуы қажет. Мысалы, авто ісі жөніндегі өндірістік оқыту шебері автомобильді диагностикалау мен жөндеуді өзі орындай алуы тиіс; шаштараз шебері шаштараз жұмыстарының барлық түрлерін және т.б. орындай білуі тиіс. Сондай-ақ өндірістік оқыту шебері педагог бола отыра, студенттермен байланыс орната алуы керек, шыдамды, көпшіл, жауапты болуы тиіс.

Жоғары білікті маман болу үшін минималды тәжірибе – 5-7 жыл.

Жас маман студенттер мен олардың ата-аналары тарапынан дөрекілік, шешуді талап ететін даулы жағдайлар сынды стресстік жағдайлар сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін. Оқытудың жаңа технологиялары мен жаңа техникалық құралдардың үнемі пайда болуы.

Бұл мамандық өз күшіне сенімді, табанды, алдына мақсат қоя білетін, жақсы практикалық дағдыларға ие және өз білімін жаңа ұрпаққа беруге дайын адамдарға лайық. 

Қалай түсуге болады

Қабылдау емтиханы:
Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайы шешу

~
Орындар саны
0
Қазіргі үміткерлер саны
~
Сенің оқуға түсу мүмкіндігің
Белгісіз

Бейіндік пәндер

Қайда оқуға болады

Оқу орындары табылған жоқ

Қайда жұмыс істеуге болады

колледждер