«Сәндік қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері» мамандығы қолөнер өндіріс саласындағы мамандарды дайындайды.
Осы мамандық шығармашылық қабілеттілікті дамытуға, ой-өрісті кеңейтуге және эстетикалық қабылдау мен көркемдік талғамды қалыптастыруға бағытталған. Осы мамандық бойынша кәсіпті таңдау кезінде мүмкіндігінше қол еңбегіне бейімділіктің болғаны жөн.
Колледжде осы мамандық бойынша мынадай кәсіби мамандарды дайындайды:
- көркем құю қалыптаушы;
- көркемөнер бұйымдарын дайындаушы;
- аспаптарды дайындаушы;
- сәндік қолданбалы өнер суретшісі.
Осы бағыт бойынша колледжде оқуды аяқтағаннан кейін жоғары білім беру ұйымдарында оқуын жалғастыруға болады.
2025 ж. 1 қыркүйек