Технологиялық қондырғылардың операторы

3W07110501
7849 қаралым

Сипаттама

- Технологиялық қондырғылардың операторы технологиялық процесті басқару, мұнай, мұнай өнімдері, газ бен көмірді өңдеу бойынша жабдықтарды бақылау жұмыстарын жүргізетін маман.

Оператор мұнай өнімдерін өңдеудің белгіленген технологиялық процесін жүргізеді және бақылайды, қолданылатын жабдықтың жұмысын бақылайды, қалыпты режимдегі кез-келген ауытқулардың алдын алады және жояды, бақылау-өлшеу жабдығының көрсеткіштеріне, зертханалық талдау нәтижелеріне сүйене отырып, шикізат пен дайын өнімнің сапасын бақылайды. Сондай-ақ отын, энергетикалық ресурстары, катализаторлар, химиялық реагенттер шығындарының есебін жүргізеді. Оператор жұмыс барысында қолданылатын техникаға қызмет көрсетеді, жабдықты жарамдылығына жауап береді.

Технологиялық қондырғылардың операторы барынша зейінділік пен барлық технологиялық процестерді білуді талап ететін жауапты кәсіп.

Мамандықты ойдағыдай меңгеру үшін химия, математика, физика бойынша базалық білім қажет. Еңбекақы жұмыс орнына, біліктілік деңгейіне және тәжірибесіне байланысты.

Жоғары деңгейдегі маман болу үшін минималды тәжірибе - 2-3 жыл.

Бұл мамандықтың артықшылығы біліктілік деңгейін арттыру мүмкіндігінің барында. Уақыт өте келе мұндай маман аға операторы қызметіне ауысады. Осы кәсіптің мамандары практикалық және зерттеу қызметінің нақты бір саласында, түрлі өндірістерде және т.б. мамандандырылуы мүмкін.

Жемісті жұмыс істеу үшін шебердің бойында бірқатар жеке қасиеттер болуы қажет: ұқыптылық, тәртіптілік, жауаптылық, коммуникабелділік. Сонымен қатар кәсіби қасиеттерінің де болуы маңызды: мықты денсаулық, зейінділік пен қозғалыстың үйлесімі, дене төзімділігі.

Бұл мамандықтың кемшілігі денсаулыққа ықтимал қауіптердің: химиялық және физикалық факторлардың әсерінен туындайтын аурулардың пайда болуында. Жұмыс зиянды өндіріспен тікелей байланысты.

Жас мамандарға ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де айнылысуға: диссертациялар жазу, химия әлеміндегі жаңа ғылыми мәселелерді жариялауға, өмірін ғылыми жетістіктерге арнауына болады.

Мұнай және газды қайта өңдеумен айналысатын мамандар тікелей кен орындарын игеру орындарында сұранысқа ие. Себебі тасымалдау шығындарын азайта отырып, шикізатты сол жерде өндіру мен қайта өңдеу әлдеқайда тиімдірек.

Қалай түсуге болады

Қабылдау емтиханы:
Емтихансыз. Әңгімелесу

~
Орындар саны
0
Қазіргі үміткерлер саны

Бейіндік пәндер

Қайда оқуға болады

Оқу орындары табылған жоқ

Қайда жұмыс істеуге болады

Осы бағыттағы түлектердің химия және мұнай-химия өндірісі кәсіпорындарына; машина жасау, радиотехника өнеркәсібі кәсіпорындарына; ғылыми-зерттеу институттарына және түрлі зертханаларға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері зор.