Техник-технолог

4S07110502
9609 қаралым

Сипаттама

Техник-технолог мұнай, ілеспе, табиғи газ, газ конденсаты, тақтатас, көмір өңдеудің технологиялық процестерін басқарумен және магистральдық құбырларға қызмет көрсетумен айналысатын маман.

Мұнай және газды қайта өңдеу жөніндегі технолог шикі мұнайдан дайын өнімді, яғни бензин, мотор отыны, жағармайларды қалай алуға болатынын біледі. Ол түрлі отын мен шикізат алу үшін мұнайды тазарту, айдау және сүзу процестерінің сапасын реттеп, бақылайды. Мұнайды қайта өңдеу процестері бастапқы және қайталама болып екіге бөлінеді. Сондықтан бір кәсіпорында, әдетте, түрлі бағыттарға жауап беретін технологтардың үлкен штаты жұмыс істейді. Сондай-ақ мұнай мен газды қайта өңдеу технигі өнімнің сапасын жақсарту, технологияны жетілдіру, оны экологиялық таза, қол жетімді, арзан ету тәсілдерін зерделеп, қайта өңдеу ережелері мен қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, өнімнің сапасын қадағалайды. Алынған шикізат МЕМСТ пен нормаларға сәйкес келуі тиіс.

Еңбекақы жұмыс орнына, біліктілік деңгейіне және тәжірибесіне байланысты. Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студенттің химия, физика, математика саласында білімі болуы тиіс.

Жоғары деңгейдегі маман болу үшін минималды тәжірибе - 2-3 жыл.

Бұл мамандықтың артықшылығы еңбекақының жоғарылығында және сұранысқа ие болуында. Бұл кәсіптің мамандары практикалық және зерттеу қызметінің нақты бір саласында, түрлі өндірістерде және т.б. мамандандырылуы мүмкін. Техник-технолог өндірісті, цехты және т.б. басқара алады.

Жемісті жұмыс істеу үшін шебердің бойында бірқатар жеке қасиеттер болуы қажет: ұқыптылық, тәртіптілік, жауаптылық, коммуникабелділік. Сонымен қатар кәсіби қасиеттерінің де болуы маңызды: мықты денсаулық, зейінділік пен қозғалыстың үйлесімі, дене төзімділігі.

Бұл мамандықтың кемшілігі денсаулыққа ықтимал қауіптердің: химиялық және физикалық факторлардың әсерінен туындайтын аурулардың пайда болуында. Әрбір өңірде өндіру орындары жоқ, басшылық лауазымдарға бәсекелестік жоғары, еңбек жағдайы қауіпті.

Осы саланың жас маманы осы өндіріспен байланысты мамандықты таңдай отырып, күрделі жұмысқа, білім мен қауіпсіздік техникасының жоғары талаптарына дайын болу керек екенін білгені жөн. Тапқырлық, аналитикалық ойлау, енгізілетін процестердің экономикалық пайдасын түсіну, үстеме жұмысқа дайын болу құпталады.

Қалай түсуге болады

Қабылдау емтиханы:
Белгісіз

~
Орындар саны
2
Қазіргі үміткерлер саны
~
Сенің оқуға түсу мүмкіндігің
Белгісіз

Бейіндік пәндер

Сен үйренесің

1 оқу жылы

2 оқу жылы

Қайда оқуға болады

Мұрағатшы

4S03220203
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 34 ай
11 сынып: 22 ай

Іс қағаз жүргізушісі

4S03220202
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 34 ай
11 сынып: 22 ай

Техник-технолог

4S07110502
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 46 ай
11 сынып: 34 ай
ТжКББ-ден кейін: 34 ай

Заңгер

4S04210101
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 34 ай
11 сынып: 22 ай
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 46 ай
11 сынып: 34 ай

Бухгалтер

4S04110102
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 34 ай
11 сынып: 22 ай

Техник-құрылысшы

4S07320106
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 42 ай
11 сынып: 30 ай

Техник-механик

4S07161304
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 46 ай
11 сынып: 34 ай
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 46 ай
11 сынып: 34 ай

Қайда жұмыс істеуге болады

Түлектер мұнай өңдеу зауыттарында, инжинирингтік компанияларда сұранысқа ие. Сондай-ақ химия және мұнай-химия өндірісі кәсіпорындарында; машина жасау, радиотехника өнеркәсібі кәсіпорындарында; ғылыми-зерттеу институттарында және әртүрлі зертханаларда жұмыс істей алады. Техник-технолог өз қызметінде айтарлықтай дербес жұмыс істей алады. Қойылған міндеттер шегінде өзі шешім қабылдай алады.