Жеке аяқ-киім тігу және жөндеу шебері

3W07231001
4873 қаралым

Сипаттама

Аяқ-киім тігушілер және тектес қызметтер саласындағы жұмысшылар стандартты, тапсырыс берілген немесе ортопедиялық аяқ киімді және багаж сөмкелері, саквояждар мен белдіктер (былғары киімнен, бас киімнен және қолғаптан басқа) сияқты табиғи немесе жасанды былғарыдан бұйымдарды жасайды, өңдейді және жөндейді немесе аяқ киімді және ілеспе бұйымдарды өндіру процесіне қатысады. Олар аяқ киімді, багаж сөмкелерін, саквояждар мен белдіктерді сәндейді, нығайтады немесе әрлейді.

Олардың міндеттеріне мыналар кіреді:

− жеке талаптарды ескере отырып, стандартты аяқ киім жасау, қайта өңдеу және жөндеу;

− дәрігерлердің ұйғарымдарына сәйкес ортопедиялық немесе терапевтік аяқ киімді жасау, қайта өңдеу және жөндеу немесе аяқтарының аурулары бар адамдар немесе  ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бар аяқ киімді қайта өңдеу;

− белдіктерді, багаж сөмкелерін, ридикюльдер мен ұқсас бұйымдарды жөндеу;

− сызбаларын дайындау үшін деформацияланған аяқтардың немесе табандардың гипстік құймаларын жасау;

− тапсырыс берушілердің аяқтарының көшірме бедерлері негізінде ендірмелер, табан астыларын және көтергілерін дайындау;

− тапсырыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес аяқ киім жасау үшін сызбалар мен басқа да ерекшеліктерді зерделеу;

− жұмыс жүктемесі, ерекшеліктер мен пайдаланылатын материалдардың типтері туралы ақпарат алу үшін жұмыстарды орындауға арналған нарядтарды және/немесе аяқ киімнің детальдарындағы ярлықтарды зерделеу;

− нақты мақсат үші былғарының жарамдылық деңгейін анықтау үшін былғарының құрамын, түсін және беріктігін тексеру;

− былғары бұйымдарын жасау кезінде тігістерін тарқату, қалыпқа келтіру және төсем бекіту;

− ридикюльдер, белдіктер, аяқ киім мен багаж сөмкелері сияқты бұйымдарды жөндеу мақсатында тігісі кеткен жерлерін тігу немесе жамау салу;

− тесіктерде жіктер тиісті түрде салынғанын тексеруді қоса алғанда, аяқ киімнің, аяқ киім детальдарының және олардың дизайнының ерекшеліктерге сәйкестігін тексеру үшін олардың сипаттамаларын және дизайнын бағалау;

− бұйымдарды әшекейлеу немесе қорғау үшін аксессуарларды немесе декоративтік элементтерді бекіту;

− жануарларға арналған ершіктер мен әбзелдер, жол сөмкелері, саквояждар, қоржындар, былғары сөмкелер, белдіктер және аксессуарлар сияқты бұйымдарды жасау мен жөндеу.

Қалай түсуге болады

Қабылдау емтиханы:
Емтихансыз. Әңгімелесу

~
Орындар саны
0
Қазіргі үміткерлер саны

Бейіндік пәндер

Қайда оқуға болады

Тігінші

3W07230101
Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 22 ай

Арнайы тігінші

3W07230102
Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 34 ай

Модельер-пішуші

3W07230105
Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
11 сынып: 10 ай

Шаштараз стилисті

3W10120101
Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 34 ай
11 сынып: 10 ай

Офис-менеджер

3W03220201
Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
11 сынып: 22 ай
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 34 ай

Жеке аяқ-киім тігу және жөндеу шебері

3W07231001
Жұмыс кадрларын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 22 ай

Техник-технолог

4S07230107
Орта буын маманын даярлау
Басталуы

2024 ж. 1 қыркүйек

Мерзімі
9 сынып: 34 ай
ТжКББ-ден кейін: 10 ай

Қарап шыққан мамандықтары

07240600
Жер асты құрылымдарының құрылысы
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
бұл кәсіп бойынша 4 мамандық бар
қаралым
Маған ұнайды