Косметолог-эстетист

4S10120203
8676 қаралым

Сипаттама

Косметологтың міндетіне тері сұлулығын күтіп ұстау бойынша қызметтердің кең спектрі, медициналық және емдік процедуралар жатады. Сондықтан косметологтың біліміне қойылатын талаптар өте жоғары. Негізгі медициналық білімнің болғаны дұрыс.

Осы саланың маманы шаштаразға қарағанда өзінің кәсіби қызметінде әрқашан өзі қолданатын өнімдер мен препараттардың сапасына сенім артуы керек. Сондықтан косметологтың бойында мұқияттылық, жауапкершілік, ұқыптылық, тазалық сияқты қасиеттердің болуы маңызды болып табылады.

Косметологтың орташа жалақысы 150 мың теңге аралығында, алайда көрсетілетін қызметтердің сапасына да тікелей байланысты болады. Тіпті оның қызметі бәсекелестеріне қарағанда біршама қымбат болса да жақсы косметологқа клиенттер әрдайым баратын болады.

Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студенттің химия, биология білімі болуы керек.

Жоғары білікті маман болу үшін минималды тәжірибе - 7 жыл.

Косметолог көрсетілген қасиеттерден басқа, шыдамдылық қасиетіне ие болуы, адамдардың физикалық ғана емес, басқа да күнделікті проблемаларына тап болуға дайын болуы керек. Кейде адамдардың сыртқы кемшіліктері олардың психологиялық жағдайына да әсер етеді.  

Жас маман өзінің және клиенттерінің препараттар мен олардың иістеріне аллергиялық реакцияларының пайда болуы сияқты қиындықтарына тап болуы мүмкін. Пациенттің денсаулығына деген жоғары жауапкершілік жұмыстың алғашқы күндерінен бастап болуы керек. Күтім, емдеу және түзету – жұмыстың алғашқы кезеңдерінде процедураны таңдау мәселесі күмән тудырады. Алайда егер жауапкершілік танытып, үнемі тақырыптық әдебиеттерді оқып, біліктілікті арттыру курстарына барып жүрсе, онда нағыз кәсіби маман болып шығуға болады.

Косметолог жұмысының тағы бір артықшылығы олар косметологиядағы жаңалықтарды бірінші болып біледі және косметология саласындағы алдыңғы қатарлы косметиканы немесе ең жақсы дәрілік препараттарды арзан бағамен сатып ала алады.

Қалай түсуге болады

Қабылдау емтиханы:
Белгісіз

~
Орындар саны
0
Қазіргі үміткерлер саны
~
Сенің оқуға түсу мүмкіндігің
Белгісіз

Бейіндік пәндер

Қайда оқуға болады

Оқу орындары табылған жоқ

Қайда жұмыс істеуге болады

Косметические студии, салоны красоты, косметологические клиники