«Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы» мамандығы мұнай және газды химиялық өңдеумен, отын, майлау материалдарын, мұнай-химия өнімдерін өндірумен байланысты кәсіп.
Пайдалы қазбалардан өндірілген отын бүгінгі таңда қымбат және маңызды өнім болып саналады. Мұнай мен газ шоғыры бар аймақтарда кен орындарын игеру кейбір мемлекеттер үшін негізгі табыстың көзі болып табылады. Сондай-ақ инженерлер мен технологтар қауіп-қатерді, шығындарды азайту, пайдалы заттар шығынын минимумдау үшін технологияны жетілдіруге тырысады. Мұнай кен орындары мен мұнай өңдеу кәсіпорындарындағы жұмыс көптеген күрделі және «ақылды» жабдықтарды пайдаланатын және оны жөндейтін ондаған мың жұмысшылар мен инженерлердің жұмыла атқарған жұмысы болып табылады.
Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы» мамандығы бірнеше біліктілікке бөлінеді:
- Технологиялық қондырғылардың операторы;
- Техник-технолог.
Әр бағыт бойынша колледжде оқуды аяқтағаннан кейін жоғары оқу орнында оқуын жалғастыруға болады.